Головкин бала кезде көшеде мықтылығын қалай дәлелдегенін айтты

2
24
Головкин бала кезде көшеде мықтылығын қалай дәлелдегенін айтты
WBA және IBO чемпионы Геннадий Головкин (31-0, 28 КО) британдық боксшы Мартин Мюррейге (29-1-1, 12 КО) қарсы жекпе-жек қарсаңында өз қарсыласын қиын оппонент ретiнде санайтындығын айтқан болатын.Бiрақ бұған өзi өсiп-өскен қалада бала кезден үйренiсiп кеткенiн де жасырмады.

Еске салайық, Головкин мен Мюррей жекпе-жегi 21 ақпанда Монте-Карлода өтті. Бiрер күндер бұрын олар ресми салмақ өлшеу рәсiмiнен өттi.

«Қарағанды — өте қауiптi қала. Мен өз достарыммен стадионға барып, онда төбелесетiнмiн. Егер қаланың өзге ауданында жүрсең, тағы да төбелес болатын. 16-17 жыл бұрын мен өскен қалада өте қауiптi едi. Көшеде ең мықты екенiңдi дәлелдеу керек болатын. Бұл менiң балалық шағым едi, жасым небәрi 12-13-14-те. Бұл менiң қалыпты өмiрiм болатын. Бұл соншалықты керемет деп айта алмаймын. Қиындау болатын, өте қауiптi», — деп атап өттi боксшы BoxingScene сайтына берген жауабында.

По сообщению сайта Nur.kz

2 ПІКІРЛЕР

  1. Бала кезде мықтылығын дәлелдеген талайлар көшенің бұзығы болып жур.Сен сияқты дұрыс жол табатындар аз.Жарапсың.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз