Головкин-Мюррей жекпе-жегiн тамашалаған Монако ханзадасы Альбер II қазақстандық спортшының жеңiсiнен кейiн рингке көтерiлiп, чемпионды құттықтады.
«Геннадий Головкин – нағыз чемпион, оған қарап бой түзеу керек. Қазiргi уақытта ол өз салмақ дәрежесiнде ең мықты боксшы», – дедi ханзада.
Айта кетейiк, Монакода өткен бокс кешiнде жекпе-жек 11 раундқа созылды. Мартин Мюррейдiң қарсыласуға шамасы бiткенiн көрген кездесу қазысы бұл белдесудi тоқтатқан болатын.
Осылайша Головкин өз кездесулерiн 19 рет қатарынан нокаутпен аяқтауда.
Головкиннiң бапкерi Абель Санчес өз кезегiнде чемпионның рингтегi өнерiне оң баға бердi.
«Мартин төзімді қарсылық танытқанымен Геннадий жақсы өнер көрсетіп, жеңiске қол жеткiздi. Бүгiнде ол өзiнiң салмағында ең үздiк боксшы», – дедi оның бапкері.