Мұхаммед Әли мен Сонни Листонның қолғаптары $1 млн-ға сатылды

2
43
Мұхаммед Әли мен Сонни Листонның қолғаптары $1 млн-ға сатылды
1965 жылы ерекше жекпе-жек өткізген боксшы Мұхаммед Әли мен оның қарсыласы Сонни Листонның қолғаптары Нью-Йоркте өткен бәссаудада 956 мың долларға сатылды, деп хабарлады жексенбі Ассошиэйтед Пресс агенттігі.

Қолғапты боксшылар Мэн штатындағы Льюистон қаласындағы қарымта шайқаста киген. Әли шайқас басталғанан кейін екі минутқа жетпей қарсыласын нокаутқа жіберіп, теңдессіз жеңіс үлгісін көрсеткен.

Агенттіктің жазуынша, жарыс аяқталғаннан кейін екі қолғапты да төреші Джордж Руссо (George Russo) алып, жылдар бойын үйінде сақтап келген.

Кейін ол оны Калифорнияның коллекционеріне сатқан. Ал, қолғаптардың бүгінгі сатып алған иегері кім екені хабарланбады.

По сообщению сайта Nur.kz

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз