Кеме апатынан қаза тапқандар саны 48-ге жетті Бангладеште бортында 150-ге жуық жолаушы болған паромның апатқа ұшырағанын хабарлаған еді. Қаза тапқандар саны 48-ге жетті. Сүңгуірлер су астынан кеменің ішіндегі марқұмдардың денесін сыртқа шығарып жатыр. Жергілікті билік олардың саны әлі де өсуі мүмкін дейді. Кеме капитаны тұтқынға алынды. Оған және тағы екі адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Естеріңізге салайық, су түбіне кеткен паромның бортында 150-ден астам жолаушы болған. Жағаға тек 50-ден астам адам ғана жетіп, аман қалды. Әлі де ондаған жолаушының тағдыры беймәлім. Апат аймағында құтқару жұмыстары жалғасуда.
Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/51152-ge-zhetti