Жеті жасар қыз өзін-өзі жарып жіберді. Нигерияда бес адамның өліміне әкеп соққан лаңкестік әрекетті 7 жасар қыз жасаған. Жарылыс нәтижесінде 19 адам жарақат алды. Бұл туралы lenta.ru сайты хабарлайды. Йобе штатындағы Потискум қаласындағы базарлардың бірінде күдік туғызған бүлдіршінді полицейлер тексермек болады. Сол сәтте ол өз-өзін жарып жіберген. Әзірге аталған лаңкестік әрекетті ешбір ұйым өз мойнына алған жоқ. Дегенмен Нигерия билігі бұл «Боко Харам» ұйымының ісі болуы мүмкін дегенді алға тартуда.
Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/51148-hiberdi