Павлодарда бұрын-соңды болмаған жеңіл өнеркәсіп түрі қолға алынды

2
135
 
Павлодарда бұрын-соңды болмаған жеңіл өнеркәсіп түрі қолға алынды .Павлодардың тігін фабрикасы бұрын-соңды өңірде болмаған жеңіл өнеркәсіп түрін қолға алды. Бұған дейін арнайы киімдер тігіп келген фабрикада қазір жас нәрестелердің жөргектері, көрпе-жастықтар мен киім түрлері тігіледі. Қыз-келіншектерді жұмыспен қамтып отырған өндіріс әзірге тапсырыспен жұмыс істейді. Жергілікті нарықтың сұранысын терең зерттеген тігіншілер төсек-жаймаларды өзімізде тігу керек деген шешім қабылдапты. Бірінші болып балалардың көрпе-жастықтары тігілді. Нәтижесі жаман емес. Сапасы жоғары бұйымдардың бағасы арзанға түсіп отыр. Шетелдік баламалы өнімнен артық болмаса, кем түспейді. Любовь Назарова, тігін цехының шебері: – Өте жылы, жеңіл. Біз холлофайберді қолданамыз. Ресейдің, Шудың шыт маталары түсін жоймайды. Балалар мен ересектерге арналған жастықтарды да өзіміз тігеміз. 30 адамды жұмыспен қамтып отырған тігін фабрикасында жас нәрестелердің киімдеріне қызығушылық зор. Бүгінде олардың шамамен 60 түрі тігіледі. Келешекте Павлодардың тігіншілері жасөспірімдерге арналған киім түрлеріне көшпек. Әзірге жаңа үлгілерін жасаумен айналысуда. Медицина қызметкерлеріне арналған киім түрлерін тігетін тігін цехы жұмысын бір жыл бұрын бастады. Қазір мұнда алжапқыштар, ерлер мен әйелдерге арналған халаттардың 20-ға жуық түрі тігіледі. Биылғы маусымда жасөспірімдерге арналған желбегейлер тігіле бастапты. Жаман емес сияқты. Енді аз күнде Павлодарда «Лейла» сауда белгісінің киімдері сатылымға шығады. Қазақстанда жасалған жас нәрестелер киімі ең мықты деген шетелдік фирмалардың өнімінен қалыспайды. Жеңіл өнеркәсіпті дамытуға батыл қадам жасаған мекеменің келешекке жоспары көп. Жеке дүкендер желісін ашып жатса, қосымша жұмыс орындар ашылады деген сөз.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/otandy-nimdi-satyp-al/item/51130-alyndy

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз