
Ақтауда 40 жастағы әйел дүниеге үшем алып келді деп хабарлайды tumba.kz. Балкүміс пен жарының 13 жасар ұлы енді үш жігіттің ағасы болып шыға келді. Үшеуінің жалпы салмағы — 5 келі. Сәбилер кесарь тілігі арқылы дүниеге келген.Үшемдердің ата-анасы ұлдарына ерекше есім дайындап қойыпты. Олар ақын-сазгерлер шығармашылығына ерекше құрметпен қарайтындықтан, сәбилерге Мұқағали, Шәмші және Төлеген деп ат қойған.
По сообщению сайта Nur.kz