Алтын тіс қазақстандықтардың шетелге шығуына кедергі болуы мүмкін

0
53

 

Қазіргі таңда алтынды шикізатты Қазақстаннан алып шығуға тыйым салынған, бұл тыйым 2015 жылдың аяғына дейін жарамды және мерзімі ұзартылуы мүмкін. Алтынды шикізат ұғымы өте ауқымды, деп жазады басылым. «Қымбат металдар және қымбат тастар туралы» заңға сәйкес, шикізат тауарға тек кен ғана емес қымбат металдардың қалдығы мен сынығы да жатады.

Демек тыйым салынған заттардың тізіміне стоматологиялық коронкалар, зергерлік бұйымдардың қалдықтары, электр техникаларының бөлшектері мен қосыны, микросхемалар мен транзисторлар кіруі мүмкін. Егер тізімдегі заттардың біреуі бар қазақстандықтар шекара асуға әрекеттенсе, оларға қымбат металдарды елден алып шықпақшы болды деген айып тағылып, айыппұл салынуы мүмкін.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз