
Керекудегі су перісінің мүсіні тағы да бұзақылардың құрбанына айналды. Бұл жолы белгісіз біреулер ескерткішті өзенге лақтырып жіберген деп хабарлайды Астана арнасы.Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары Ертіс жағасындағы мұздың үстінде жатқан мүсінді тауып, қайта тұғырына қондырды. Екі метрлік биіктіктен құлатылғандықтан, мүсіннің басына аздап зақым келген. Ескерткіштің жоғалып кеткенін осы маңға жақын жерде орналасқан құтқару қызметінің өкілі байқапты.
«Үйреншікті жолыммен жұмысқа келе жатып, бір нәрсенің жетіспей тұрғанын аңғардым. Ойлана келе, Ертіс өзенінің символына айналған су перісінің мүсіні жоқ екенін түсіндім», — дейді құтқарушы Василий Акимов.
Ол шұғыл полицияға хабарласып, арнайы мамандар маңайды тексеріп шыққан. Көп кешікпей өзен жиегінде жатқан ескерткішті тауып алып, орнына қояды.
Айта кету кетсек, бұл жағдай осымен үшінші мәрте қайталанып отыр. Сондықтан, құтқарушылар бұзақыларды анықтау үшін аумаққа бақылау камерасын орнатуды ұсынады.
По сообщению сайта Nur.kz