Қазақстанда 8 адам жынысын ауыстыру үшін ота жасатқан

0
57

Соңғы бес жылда сегіз қазақстандық жынысын ауыстыру үшін ота жасатты деп хабарлайды Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

Қазақстанда 8 адам жынысын ауыстыру үшін ота жасатқан
«Жынысты хирургиялық жолмен түзету транссексуалдықты емдеу әдісі болып табылады. «Транссексуалдық» диагнозы бар адамдар Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-тәжірибелік орталығында тексеруден өтті», – делінген салалық ведомство хабарламасында.

Елімізде 2010 жылдан бері 5 әйел мен 3 ер адам жынысын өзгертті.

Нақтырақ айтсақ, 2010 жылы 3 адам, 2011 жылы 2 адам, 2013 жылы 2 адам, 2014 жылы 1 адам жынысын өзгерту үшін  медициналық көмекке жүгінген.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз