
Сыртқы істер министрлігі Ресей Федерациясы Омбы облысының губернаторы Виктор Назаровтың Қазақстанмен территория алмасу бойынша ұсынысы туралы түсініктеме берді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.
Хабарламада Ресей Федерациясы Омск облысының губернаторы Виктор Назаровтың Қазақстанмен территория алмасу бойынша ұсынысы туралы ақпаратқа назар аударылғаны айтылған.
Сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекеттік шекараны демаркацияға қатысты мәселелер тек қана мемлекеттік шекараны демаркациялау бойынша Бірлескен қазақстандық-ресейлік комиссияның құзыретіне жататындығын хабарлайтынын жеткізді.
«Осы комиссиядағы Ресей делегациясы Қазақстанға мұндай ұсыныс жасаған жоқ. Ресейлік тарап ұсыныс жасайтын болса, мәселе қалыптасқан келіссөздер үдерісі және халықаралық тәжірибеге сәйкес қарастырылатын болады», — деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетсек, Омбы облысының губернаторы Виктор Назаров елімізге күтпеген өтініш жасап, Қазақстанмен жер алмасқысы келетінін айтқан едік.
По сообщению сайта Nur.kz