
БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азаматтық некедегі күйеуін өлтірген Р.Тасмұхамбетоваға қатысты үкімді жария етті.
БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, өткен жылғы 23 тамызда сотталушы мен мас күйінде болған күйеуінің арасында дау туындаған. Өзіне шабуылдап, ұрмақшы болған ер адамнан қашқан Р.Тасмұхамбетова қажетті қорғаныс шегінен шығып, ас үй пышағын алып, оның жүрек тұсына сұғып үлгерген.
Соның салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды. Р.Тасмұхамбетованың әрекеттері Қылмыстық кодекстің 96-бабы 1-бөлігімен (1997 жылғы редакциядағы) қаралып, сотқа берілген болатын.
Сот талқысына қатысқан мемлекеттік айыптаушы жарыссөзінде Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 337-бабы 6-бөлігімен Р.Тасмұхамбетоваға қатысты айып көлемін өзгертіп, Қылмыстық кодекстің 6-бабы 1-бөлігінен 102-бапқа ауыстырды.
Сот оны 102-бапқа сәйкес (қорғаныс шегінен шығып, адам өлтіру) айыпты деп танып, екі жылға бас бостандығынан шектеді.
По сообщению сайта Nur.kz