Астанада 30 адам тірідей үйіндіге көміліп қала жаздады

0
387
Астанада 30 адам тірідей үйіндіге көміліп қала жаздады
Астанада 30 адам үйіндінің астында тірідей көміліп қала жаздады. Онсыз да қираудың алдында тұрған екі қабатты ескі баспананың жылу құбыры жарылып, бірнеше пәтердің қабырғасы мен шаңырағы опырылып түскен.Жылу жүйесіндегі апат таң ата болыпты. Үй иелері шырт ұйқыда жатқанда дәл төбелерінен ыстық су шелектеп аққан. Қайта, тұрғындар дереу оянып, далаға қашып үлгерген екен. Бірақ, үйдің шаңырағы опырылып ортасына түсті.

Жұрт қазір жарықсыз отыр. Үйдегі бар техника: теледидар, компьютер, тоңазтқыш шетінен күйіп кеткен. Пәтерлердің сау жері жоқ, қабырғалары шұрық тесік.

Алпыс жыл бұрын тұрғызылған үйді сүріп, жаңасын саламыз деген шенеуніктер уәдесін ұмытып кеткен. Енді қыстың көзі қырауда далада қалған тұрғындар қайда барып бас сауғаларын білмей жылап отыр.

«Бұл жерде тұруға қорқамыз. Өзім үшін емес, балаларыма алаңдап отырмын. Басқа баратын жеріміз де жоқ. Әкімдіктегілер әне-міне көшіреміз деп құрғақ уәдемен алдап келеді», — дейді Астана қаласының тұрғыны Елена Мазничко.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз