Астана тұрғындары әкімшілік алдында төбелесті

0
277
Астана тұрғындары әкімшілік алдында төбелесті
Астанада шенеуніктің қабылдауына жазылуға таласқан жұрт бір-бірімен төбелесіп, турникетті сындыра жаздады деп хабарлайды КТК арнасы.Мемлекеттің арзан пәтерін күтуден шаршағандар тіпті тұрғынүй басқармасы басшысының кабинетіне басып кірмек болды. Жалғыз күзетшінің ашулы топты тежеуге әлі келмеді. Тіпті тар жерде сығылысқан екі әйелдің жүрегі сыр беріп талып қалған.Негізі, тұрғын үй басқармасының басшысы Руслан Ахметовтың қабылдауы 24 ақпан екен. Бірақ, жүздеген адам күні бұрын кезекке тұрып шенеунікпен кабинетінде жеке тілдесуге асық. Жұрт бірінші басшымен сөйлессем пәтер мәселесі тез шешіледі деген үмітте.

Айтар мұңдары да әртүрлі. Бірі тізімнен неліктен себепсіз шығарылғанын, екіншісі кезегінің неліктен жылжымай жатқанын білгісі келеді. Оның үстіне, 1-ші наурыздан жаңа мемлекеттік бағдарлама, «Нұрлы жол» мен «Қолжетімді баспана» бойынша, құжат қабылдау басталады.

Осының анық-қанығын білмейміз деп ашынған халық тұрғын үй басқармасының дөрекі қызметкерлеріне өкпелері қара қазандай.

«Жаңадан жақсы заң қабылданып жатыр. Қай кезде үй аламыз деп сұрайық десек, бір екі қыз бар маңайлатпайды. Сағат екіден үшке дейін қабылдайды. Үш жарымнан кейін келсең айғайлап қуып шығады. Құжатыңды бетіңе лақтырады», — дейді Астана қаласының тұрғыны Күлдір Әпетқызы.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз