Екпеден соң ессіз қалған тараздық қыздың жақындары дәрігерлердің еміне сенбейді

2
37
Екпеден соң ессіз қалған тараздық қыздың жақындары дәрігерлердің еміне сенбейді
Қызылшаға қарса екпеден соң ессіз қалған тараздық Пернекүл Жұмайдың жақындары ақ халаттылардың еміне сенбейді. Сау қызымды сал қылды деген ата-ана науқасты үйлеріне алып кетті деп хабарлайды 31 арна.Нақты диагнозын таба алмаған дәрігерлер қыздың дел-сал күйде қалуына екпенің қатысы жоқ дегеннен танбайды. Ал науқастың жақындары бар кінәрат күйзелістен болған деген ақжелеңділердің айтқанына сенбейді. Сондықтан студент қызды үйлеріне шығарып алды.Бір жеті қимылсыз қалған қызымды жеке емдеу орталығының мамандары бір күнде аяқтан тұрғызды деп отыр. Қазір тілге келген сырқаттың беті бері қарады дейді.

Енді қызды жүйкесі сыр берген деп психдиспансерге жатқызған дәрігерлерді сотқа бермек. Әлі де ақыл есі кіресілі-шығасылы қызды Астанада емдету үшін денсаулық департаментінен көмек сұрайды.

Айтуынша, осы даулы іске байланысты денсаулық министрлігінен арнайы комиссия келмекші.

Еске, сала кетсек, екпеден соң бірнеше емханаға барып, ақыры жүйке ауруханасынан бірақ шыққан студент қыз туралы айтқан едік.

По сообщению сайта Nur.kz

2 ПІКІРЛЕР

  1. мынандай жағдайдан кейін балаларымызға қалай қорықпай екпе салдырамыз

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз