Өткен жылы біздің ғаламшарымыз жалпы салмағы 100 тонна болатын ғарыш қоқысының астында қалған. Epochtimes.ru сайтының хабарлауынша, 2014 жылы Жердің ауа қабатында істен шығып, жарамсыз күйге жеткен 600-ден астам спутник өртеніп кеткен. Оның арасында ракета мен өзге ғарыш аппараттарының да қалдықтары бар. Артынша олардың тең жартысы ауа қабатының қалың бөлігі арқылы Жер шарына келіп түскен. Сондай-ақ Күннің белсенділігі артуы салдарынан «қоқыс жаңбыры» бұрынғысынан қатты жауған. «Бұл құбылыстан кейін ғарыш әлемі едәуір тазарғанымен, Жердің өзіне нақты қанша қоқыс түскені белгісіз», – дейді ғалымдар. Бір анығы – оның салдарынан адамдар зардап шекпеген.
Источник: http://www.24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/51224-zher-sharyna-100-tonna-o-ys-t-sken