Салық төлеуден жалтарған кәсіпкерлер анықталды

2
60
 
Елімізде шағын және орта бизнесті қолдау саясаты өз ісін ашып, нәпақа тауып жүрген кәсіпкерлер қатарын арттыруға мүмкіндік берді. Кәсібінен пайда көріп отырғанымен, салық төлеудің машақатынан қашып, түрлі құйтырқылыққа баратын азаматтар да бар. Арнайы тексеру барысында бақылау-кассалық құрылғыларын қолданбай, бір жапырақ қағаз беруге жарымайтын сауда нүктелері анықталды. Біреулер білместік дейді. Ал азық-түлік дүкенінің иесі кезінде салық органдарында қызмет еткен азаматша болып шықты. Бір қызығы, дүкенде фискальді жады бар бақылау-кассалық құрылғы болғанымен, қолданылмайтын көрінеді. Оның орнына чек шығаруға басқа құрылғы орнатылған. Дәулет Сәрсенбаев, Астана қаласы Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы салықтық бақылау бөлімінің басшысы: – Халық арасында эркипер деп аталып кеткен құрылғы бар. Бірақ ол фискальді жады бар аппарат емес. Эркипер арқылы 351 тауар сату фактісі тіркелген. Ал бақылау-кассалық машинасынан 25 чек шыққан. Яғни дүкен иесі өз қалауымен заңға қарсы әрекет жасап отыр. Елордадағы Мемлекеттік кірістер департаменті 5 ақпаннан бастап 60-тан астам сауда нүктесін тексерген. Мамандар кәсіпкерлердің басым бөлігі тиісті ережелерді сақтамайтындығын айтып, дабыл қағып отыр. Арман Дүйсенов, Астана қаласы Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары: – Көптеген азаматтар мараторийді салық төлеуден босатылу деп түсінеді. Әрине, кәсіпкерлер мұндай ойдан аулақ болғаны дұрыс. Кез келген фискальді жады бар чекте «Ф» немесе «ФП» деген белгісі болады. Әр азамат бұл түбіртекті талап ету арқылы өнімді қайтарып беруге мүмкіндік алады. Яғни ол – тауардың сапасы мен сіздің құқыңызды қорғайтын басты құжат. Енді салық қызметкерлері мейрамханаларды, арақ-шарап сату орталықтарын тексеруді қолға алмақ. Егер де фискальді жады бар кассалық-бақылау машиналарын қолдану тәртібі бұзылған жағдайда, кәсіпкерлерге 8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Источник: http://www.24.kz/kz/zha-aly-tar/ekonomika/item/51295-any-taldy

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз