
Apple компаниясы өз өнімдеріндегі күлегеш өңтаңбаларының (Эмодзи белгілері) қатарын енді нәсілдік айырмашылықтарды анықтауға болатын белгілермен толықтырды деп хабарлайды 24 kz.Бұдан былай мәтіндік хабар алмасу кезіне қандай ұлттың өкілі болмасын күлегештердің арасынан өз нәсіліне лайықтысын таңдап, еркін эмоциялық көңіл-күйін білдіре алады.
Әзірге iPhone телефондары 6 түрлі нәсілдік түс белгісін ұсынып отыр. Сондай-ақ компания символдық белгілердің қатарына тағы он шақты елдің туын қосқан.
Алайда бұл жаңалық әп-сәтте әлеуметтік желілердің тақырыбына айналып үлгерді. Ондағылардың бірі Apple компаниясы күлегештердің реңін бұзды деп айыптаса, енді бірі азиялық эмодзилердің тым сары болып кеткеніне өкпелі.
По сообщению сайта Nur.kz