Әйелі мен қызын айуандықпен зорлаған ОҚО тұрғыны сотталды

0
306
Әйелі мен қызын айуандықпен зорлаған ОҚО тұрғыны сотталды
Өткен жылдың қарашасында әйелі мен өз қызын зорлады деп айыпталған Сайрам ауданы, Ақсукент ауылының тұрғынына қатысты сот үкімі шықты.
Бұл туралы Замана басылымы хабарлайды.

О. есімді 1979 жылы туылған азамат өз әйелі мен кәмелет жасқа толмаған туған қызын айуандықпен зорлаған. Осы қылмысы әшкере болып, ол көп ұзамай тұтқындалды.

Таяуда Оңтүстік Қазақстан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы С.Темірәлиев осы іске қатысты үкім шығарды.

Сотталушының тұрақты жұмысы болмаған. Ара-тұра өзге қалаларда жалдамалы жұмысшы ретінде жүк көліктерін жүргізген. Оқиға болатын күні ол мас болғанын айтып, ақталды.

«Сот барысында ол өзіне тағылған айыптауларды ішінара мойындап, осы оқиға болатын күні ішімдік ішкенін айтты», – дейді судья.

Әйелі екеуінің арасында жанжал туындаған, содан ол жұбайына тоңазытқыштан қияр әкелуді бұйырған. Әйелі айтқанын орындап, қияр алып келген. Ол әйелін ұрып, күшпен киімдерін шешіп, оның жыныс мүшесіне екі дана қиярды күшпен тығып жіберген.

Дегеніне жеткен еркек әйелін қорқытып-үркітіп, үйінен шығып кетеді. Жаны қиналған әйелі жыныс мүшесінен қиярды алу үшін аудандық ауруханаға хабар берген. Дәрігерлердің көмегімен жатырындағы қиярлар алынған. Олар кейін сотта айғақ зат ретінде қолданылды.

Қатыгез әкенің қылмысы мұнымен тоқтамаған, ол өзінің 17 жасар қызын зорлаған. Бұл жағдай да дәл сол күні орын алыпты. Сотқа жәбірленуші ретінде қатысқан Ш. әкесінің мас күйде оны күштеп төсекке жатқызғанын, ешкімге тіс жармауын талап етіп, әбден қорқытқанын айтып берді.

«Айыпталушы О. сот барысында қызын зорламағанын айтты. Бірақ сот-медициналық сараптама нәтижесінде кәмелетке толмаған қыздың да жыныстық қатынас салдарынан жарақаттанғаны белгілі болды. Осы мән-жайларды ескере келе біз О-ны Қылмыстық кодекстің 121-бабы, 3-бөлігінің «г» тармағымен кінәлі деп, 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындадық», – дейді судья С.Темірәлиев.

Ал өз отбасын ойрандаған О. қызын зорламағанын дәлелдеу мақсатында апелляциялық шағым түсірген екен, бірақ сот алдынғы үкімді өз күшінде қалдырыпты. Ол енді өз жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтейді.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз