
Норвегияның Трюсиль коммунасында орналасқан Шумахердің үйі 3 миллион долларға сатылды.
Жалпы ауданы 645 шаршы метрлік үйді сатып алушының аты-жөні құпия сақталуда. Ал осыған дейін Шумахерлер «Формула-1» жұлдызының Ferrari F-2000 жеңіл көлігі мен Falcon 2000EX жеке ұшағын сатқан болатын.
Қазір Михаэль Шумахер бұрынғысынша төсекке таңылып жатқан жоқ, спортшы қазір қабылдап жатқан түрлі емдік процедуралар арасында терезенің алдында отыра алады. Бірақ бет бұлшық еттері тартылып қалғандықтан, сөйлей алмайды.
«Формула-1» жарысының жұлдызы 2013 жылдың желтоқсанында Франциядағы Альпі тауларының шипажайында таудан шаңғымен сырғанап жүріп, бастан ауыр жарақат алған еді.
По сообщению сайта Nur.kz