Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиев өзін өлтіреміз деп қорқытқан адамдарға қатысты сот болатын күні асылып қалған деп хабарлайды РИА-Новости.
Бүгін таңғы сағат 07:20-да өз камерасында асылған күйінде табылған 52 жастағы Рахат Әлиев өзіне қол жұмсауға бейім адамдардың қатарында болмаған.
Бірнеше апта бұрын Әлиев үш адамдық камерадан бір адамдық камераға ауыстырылыпты. Оның камера ауыстыруына белгісіз біреулердің қоқан-лоққы көрсетуі себеп болды.
Осы орайда, түрме басшылығы оның суицидке барады деп ойламаған. Әлиевті күзетшілер бақылауында ұстағанымен, дәретхана мен жуынатын бөлмеде оны қадағаламаған.
«Ол өзіне қол жұмсайтындар қатарынан емес еді. Оның алаңсыз бір адамдық камераға қалдыруға болатын», – дейді түрме басшысы Петер Прехтл.
Бұрынғы елші киім ілгішке бинтпен асылған күйінде табылды деп хабарлайды Kurier. Осы орайда, Әлиевке қоқан-лоққы көрсеткендердің соты бүгін, сейсенбі күні өтуі керек болғаны айтылған.
Сондай-ақ, Рахат Әлиевке қоқан-лоққы көрсетушілер оны басқалар өзіне қол жұмсады деп ойлайтындай еті өлтіреміз деп қорқытыпты.