Шымкентте екпеден көз жұмған қыздың анасы дәрігерлерді кінәлауда

0
388
1.4
Шымкентте мектеп оқушысы қызылшаға қарсы екпеден кейін есін жимай қайтыс болғанын хабарлағанбыз. 15 жастағы Шахистаның хәлі вакцина салғаннан кейін нашарлап кеткен.Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Төрт күн үйінде сырқаттанып, ақыры оңалмаған соң ата-анасы ауруханаға апарыпты. Тек, емдеу мекемесінде қыздың жағдай ауырлап, бірнеше сағаттан соң көз жұмды. Бұл оқиғадан кейін тіпті Астанадан арнайы комиссия да келген. Алайда олар қыздың өліміне екпенің қатысы жоқ деп отыр.

Өрімдей қыздарынан айрылып, Шәмшіметовтер әулеті ай-күннің аманында зар еңіреп қалды. Биыл ғана 9-шы сыныпты бітіретін Шахиста оқуда үздік болыпты.

18-ші ақпан күні мектепте жаппай қызылша екпесі егіліп жатқан кезде Шахиста тұмауратып, жөтеліп жүрген екен. Ал дәрігерлер мұндай жағдайда екпе жасауға болмайтынын біле тұра ине салған.

«Жөтеліп жүрсің, ине салдырма деп айтып жібердім.Қызым салдырғысы келмейтінін айтқан. Бірақ дәрігерлер «ештеңе етпейді» деп екпе салған», — дейді марқұмның анасы Шайра Ирисметова.

Ине салғаннан бастап Шахистаның қызуы көтеріліп, басы ауыра бастапты. Төрт күннен соң сырқат қызды ауруханаға алып барған. Бірақ 9 сағаттан соң бойжеткен көз жұмды. Бұл жағдайдан соң тіпті министрліктен арнайы комсиссия келген. Алайда олар, қыздың өлімін қызылшадан емес, менингиттен көріп отыр.

Жөтеліп жүрсің, ине салдырма деп айтып жібердім.Қызым салдырғысы келмейтінін айтқан. Бірақ дәрігерлер «ештеңе етпейді» деп екпе салған

«Оқушы қыздың өліміне қызылша екпесінің ешқандай қатысы жоқ. Себебі, біз марқұмның іш-құрылысын тексердік. Алдын-ала болжам бойынша қыз менингитке шалдыққан. Миқұрт инфекцияцы жылдам таралып, санаулы күн ішінде өлімге әкелген», — дейді  ОҚО Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Гүлнар Құлқаева.

Екпенің өлімге еш қатысы жоқ деп шыр-пыр болған шенеуніктің айтуынша, енді марқұмның туыстарымен сыныптастары да толық тексерілетін болады.

Алайда, жақынының өлімін дәрігерлердің салғырттығымен байланыстырып отырған Шахиста Шәмшіметованың жақындары ине салған дәрігерден бастап, жансақтау бөлімінің басшысын да заң алдында жауап беруін талап етпек.

Себебі, қызылша екпесінен хәлі нашарлап жатқандар көбейіп кеткен. Оңтүстік бойынша екпеден денсаулығы сыр берген 5 адам тіркеліп отыр

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз