
Бүгін кешке Алматы облысы денсаулық басқармасының басшысы Маралбек Мейірбеков жүрек талмасынан қайтыс болды.Мәлім болғандай, жұмыс барысындағы жиналыс кезінде басшы аяқ астынан өзін жайсыз сезінген. Жедел жәрдем оны Талдықорғандағы облыстық ауруханаға жеткізген, алайда ол сол жерде қайтыс болған.
Мейірбеков Маралбек Білісбекұлы 1958 жылы 29 қазанда Талдықоған облысының Қарабұлақ кентінде дүниеге келген. Целиноград мемлекеттік медициналық институтын тәмамдаған.
Әр түрлі жылдары Панфилов ауданының орталық ауруханасында, Талдықорған қаласында облыстық ауруханада хирург, травматолог болып қызмет атқарған, облыстық аурухананың травматологиялық бөлімшесін басқарған, Талдықорған қаласының «Облыстық аурухана» МКК директоры болған.
2009 жылдың мамыр айынан бастап Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасын басқарды. Медицина ғылымдарының кандидаты, «Құрмет» орденінің иегері.
По сообщению сайта Nur.kz