Қазақстан билігі Храпуновты жеке агенттікке аңдытқан

1
69

Шетелде бой тасалап жүрген тағы бір шенеунікке қатысты жаңа дерек шығып жатыр деп хабарлайды КТК арнасы.
Қазақстан билігі Храпуновты жеке агенттікке аңдытқан

Қазақстан билігі Швецарияда тұрып жатқан Храпуновты жеке агенттікке аңдытыпты. Барлау мекемесіне тіпті, Моссадтың экс-басшысы Меир Даганның өзі кеңес берген көрінеді.

Бұл туралы осы елдің басылымдары жарыса жазуда. Онда 2012-2013 жылдары «Арканум» деген жеке барлау қызметінің Храпуновты аңдығаны жазылған. Ал тапсырыс беруші Қазақстан депті мақала авторы.

Агенттік осы қызметі үшін ай сайын 250 мың доллар алыпты. Барлаушылар қашқын шенеуніктің әр басқан қадамын аңдып, сыбайластарымен алмасқан хаттарын Қазақстанға жіберіп отырған.

Айта кетейік, Виктор Храпунов Алматыны басқарған тұста жер телімдерін гектарлап, ал әкімшілік ғимараттарын оңды-солды сатып 2008 жылы бала шағасымен Швецарияға қашқан болатын.

Құр емес, мемлекеттің 250 миллион долларын қолтықтай кетті. Қазір Швейцария мен Лихтенштейн банктерінде шот, бірнеше фирма ашып, шалқып өмір сүріп жатыр.

Источник: КТК

1 Пікір

  1. Оны желкелеп елге әкеліп, жегенін желкеесінен шығару керек. Халықты тонап шет елде тайраңдап жүруге болмайды ғой.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз