Атырау облысында 6 баланы анасы өзіне қол жұмсады деп хабарлайды жергілікті Ақ жайық басылымы.
19 ақпанда Атырау облысына қарасты Доссор поселкесінде 38 жастағы әйел адам өз үйінің ауласында асылып қалды.
Ол өлер алдында балаларынан кешірім сұрап және күйеуінен оларға қарауды өтініп, хат жазып қалдырған (балалардың алды 14-те болса, кішісі 4 жаста).
Мақат ауданы прокурорының орынбасары Досбол Бағытжановтың айтуынша, бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабымен («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») қылмыстық іс қозғалған.
Әзірге ананың мұндай қадамға не үшін барғаны белгісіз. Тергеу жүргізілуде.