Алматы облысының тұрғыны оған қарыз бермеген ерлі-зайыптыны өлтіргені үшін 18 жылға сотталды деп хабарлайды, облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Қазақстан жаңалықтары.
Хабарламада Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен екі адамды өлтірген В.Лопатинға қатысты қылмыстық іс қаралғаны айтылған.
В.Лопатин өзімен бірге бұрын жұмыс істеген танысын оған қарызға ақша бермегені үшін өлтірген. Адам өлтіргенін жасыру мақсатында жәбірленушінің азаматтық зайыбын да аталған қылмыстың куәгері болғаны үшін өлтірген.
Қаскүнем арам ойын екі адам қылқындыру арқылы жүзеге асырған. Сондай-ақ айыпталушы жәбірленушілердің сейфінен ірі көлемдегі ақша сомасын да ұрлаған.
«Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Қылмыстық кодекстің 96 б, 1 б, 96 б, 2 б, «к» т, 175 б, 2 б, «в» тармақтарымен кінәлі деп танылып 18 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жаза мөлшерін түзеу колониясының қатаң режимінде өтеу белгіленді», – деп қосты баспасөз қызметінен.