Ақтөбеде зейнеткер 8 жастағы немересімен вагонда күнелтіп жүр

2
49

Ақтөбеде зейнеткер 8 жастағы немересімен вагонда күнелтіп жүр. Қыс бойы темір баспананы жылытумен әлек болған кейуананың зейнетақыдан өзге кірісі жоқ.

Ақтөбеде зейнеткер 8 жастағы немересімен вагонда күнелтіп жүр
Сондықтан, дұрыстау баспананы жалдауға жағдайының келмейтінін айтады. Тағдырдың тауқыметін тартқан жандар қайдан көмек күтерін білмей дал.

Кішкентай Настя оқу құралдарын тізесіне жайып, сабағын даярлайды. Тар бөлмеге үстел қоймақ түгілі, бұрылудың өзі мұң.

Ол ес білгелі осы жерде тұрып жатқанын айтады. Нағашы әжесі Наталья мен әжесі Валентинаның бұл вагонды паналағанына 8 жылдан асты.

Баспанасыз қалған отбасына таныстары темір үйді уақытша берген. Вагонның бір бөлігінде ас даярлап, отын жақса, екіншісінде үш адам қысылып-қымтырылып тұрып келеді. Бірнеше шақырым жерден су тасып, ас-судан қалған ақшаға отын алып жылынады.

«Жиенімнің бірі шешемнің үйін өз атына жаздырып алған, сыйлық ретінде. Нәтижесінде біз далада қалдық. Бізді қойшы, балаға оңай соқпай тұр. Достары да жоқ, қиын ғой», – дейді әжесі.

Жиенімнің бірі шешемнің үйін өз атына жаздырып алған, сыйлық ретінде. Нәтижесінде біз далада қалдық.

Валентина Кондеева бауырына басқан Настяның әке-шешесі ажырасып кеткен. Екеуі де кішкене қыздың тағдырына алаңдамайтын сыңайлы. Настяны 4 жасынан бері нағашылары тәрбиелеп отыр.

Валентина әжей немересін қамқорлығына алуды ресми түрде құжаттандыруға тұрмыстық жайым кедергі бола ма,- деп қорқады. Білім бөліміндегілер «Настядан ата-анасы бас тартпайынша оны өзгенің асырап алуына құқы жоқ», – дегенді айтты.

«Қорғаншылық тағайындауға келетін болсақ анасының қасында бала тәрбиеленіп жатуына байланысты қорғаншылық бұл жерде тағайындау мүмкін емес», – дейді  Ақтөбе қалалық білім бөлімінің бас маманы Мира Нұрғалиева.

Настя Кондееваның жеке сәйкестендіру нөмірі де жоқ. Қыстың ортасында салқын тиіп, науқастанған қызды құжаты болмаған соң емханалар қабылдамапты.

Жергілікті әкімдіктегілер, мемлекет қорынан пәтер алу үшін зейнеткер ретінде кезекке тұруы керек.- дейді.

Ал қала бойынша баспана алудан үміттілер саны 16 мыңнан асып жығылады. Қария мұндай жағдайда өзіне кезек келе қоймасына сенімді. Настяның болашағына алаңдаған әжесі енді қайырымды жандардан көмек сұрайды.

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз