Оқушылардың сабақ кезінде жұма намазына кетіп қалуына тыйым салынды

0
122

Қазақстан Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Дін істері жөніндегі комитет Қызылорда облысындағы оқушылардың жұма намазы кезінде сабақтан кетіп қалуына алаңдаушылық білдірді.

Оқушылардың сабақ кезінде жұма намазына кетіп қалуына тыйым салынды
Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

Естеріңізде болса, қызылордалық оқушылардың жұма намазы кезінде сабақтан кетіп қалатынын хабарлаған болатынбыз. Көптеген жоғары сынып оқушылары мұғалімнен сұранған. Ал бастауыш сыныпта оқушылардың тегіс мешітке кетіп қалатыны байқалған.

«Әрине, мемлекет баланың діни көзқараста болғанына қарсылық білдірмейді. Алайда діни нанымға ерік беріп, Қазақстан Республикасының заңы мен Конституциясындағы міндеттерді орындаудан бас тартуға ешкімнің де құқығы жоқ», – делінген комитеттің ресми мәлімдемесінде.

Одан бөлек, Неке туралы кодекстің 70 бабына сәйкес, ата-ана өз баласының орта білім алуын қамтамасыз етуі тиіс.

«Діни сенімдегі отбасыларда діни білімді жоғары қойып, орта білімнен бас тартып жатқандар табылады. Алайда, бүгінде үлгілі мұсылман үшін діни және дүниетанымдық сабақтарды қатар алып жүру қиындық тудырмайды. Мұндай білімі бар адам үшін кез-келген есік ашық», – деп мәлімдеді комитет.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз