
Алматы полициясы әуежайға «мина қойған» ер адамды құрықтады, деп хабарлайды Bnews.kz.17 ақпан күні түнде қаланың шұғыл қызметтеріне Алматының халықаралық әуежайына жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат келіп түсті.Комиссиялық тексерістің нәтижесінде аталмыш хабарлама расталған жоқ. Алайда минаны іздеу кезінде әуе рейстері кешіктіріліп, стратегиялық маңызды нысанның жұмысы бір сағатқа жақын тоқтап тұрған.
«Бұдан кейін полиция бөлімшесінде жедел тергеу тобы құрылды. Мина қойылғаны туралы хабар таратқан адамды іздеу жұмысына жедел қызмет өкілдері жұмылдырылып, көп ұзамай қоңырау соққан аданың кім екені анықталды. Белгілі болғандай, 44 жастағы «телефон бұзақысы» жалған хабарлама таратқан кезде мас болыпты. Қазір ол қылмыстық жауапкершілікке тартылды», — деді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі полиция майоры Салтанат Әзірбек.
Алматы ІІД-дан атап өткендей, жаңа Қылмыстық кодекстің 273-бабына сәйкес дайындалып жатқан террористік акті туралы көрінеу жалған хабарлама үшін алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
По сообщению сайта Nur.kz