Қызылордада дарияның бергі бетіне өте алмай қалған қыз құтқарушылардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болды деп хабарлайды 31 арна.Жедел құтқару жасағына оқиғаға куә болған жүргінші хабарласқан. Он жеті жастағы қыздың айтуынша, ол ойын-сауық құрып жүріп, достарының үйінде қонып қалады.Ата-анасының ашуынан қорыққан қыз таңертең өзен жағалауымен келе жатып, арғы бетке суды кешіп өтіп кетеді. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар үрлемелі қайықпен оны жағаға алып шығып, жылы киіммен қамтамасыз етті.
«Қыздың үсті шылқыған су. Мұздай суға түскендіктен, қалтырап, тоңып тұр екен. Жедел жәрдем қызметкерлерін шақырып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырдық», — деді «Оңтүстік аэромобильдік жедел құтқару жасағы» ММ бөлімшесінің бас құтқарушысы Талғат Тұрсанов.
По сообщению сайта Nur.kz