АҚШ билігі елде Орталық Азиядан шыққан үш азаматтың «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымы содырларына материалдық көмек көрсетпек болды» деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.
Болжам бойынша, олардың екеуі – 24 жастағы Өзбекстан азаматы Абдурасул Джурабоев пен 19 жастағы Қазақстан азаматы Акор Сайдахметов Түркия арқылы Сирияға өтіп, содырларға қосылуды жоспарлаған.
Джурабоев бұған қоса «Ислам мемлекеті» ұйымының нұсқауымен АҚШ-та теракт жасауға дайындалған, ал Сайдахметов «егер шетелге кете алмаған жағдайда АҚШ-та теракт жасауды жоспарлаған» деген күдікке ілініп отыр.
Үшінші адам – 30 жастағы Аброр Хабибов тергеу деректері бойынша Сайдахметовтің содырларға сапарына демеушілік жасаған.
Ұзамай бұл үшеуі де Нью-Йорк пен Флоридада сотқа тартылмақ. Айыпты деп танылса олар 15 жылға дейін сотталуы мүмкін.