Қазақстандықтар тамақты шамадан көп ішіп, аз қозғалады

0
419

 

Алматыда «Халық денсаулығы жас талғамайды» Қазақстандық Қауымдастығы ұсынған жалпы қазақстандық ауқымды зерттеудің нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды Bnews.kz.

Қазақстандықтар тамақты шамадан көп ішіп, аз қозғалады

Қазақ Тағамтану Академиясының вице-президенті, биология ғылымдарының докторы, профессор Юрий Синявский зерттеу қорытындысына көңілге қонымсыз деп баға берді.

«Еліміздегі тұрғындардың тең жарысы салауатты өмір салтын ұстану үшін ешқандай әрекет жасамайды. Сусынды қабылдау тәртібі мүлде жеткіліксіз, ДДСҰ-ның ұсынуы бойынша бір адамға арналған бір күндік сусын мөлшері 2,2-2,9 литрді құрайды. Қазақстандықтардың күндізгі ас мәзіріне көбіне құрамының басым бөлігі көмірсудан тұратын ет, нан және ұн тағамдары кіреді. Осының бәрі артық салмаққа және жүрек-қан тамырлары ауруларының өсуіне алып келеді», – дейді ол.

Зерттеу жұмысын талдамаға салған жетекші диетологтар төмендегідей жағымсыз деректерді алға тартып отырып, еліміздегі азаматтарының ас мәзірі теңгерімі бұзылған осылайша олардың ас мәзірінде көмірсулар көп екенін айтты. Нәтижесінде ақуыз, май және көмірсулардың теңгерімі бұзылады, ал ол өз кезегінде жалпы ағзаның дұрыс жұмыс істеуіне кедергі келтіреді екен.

«Зерттеу қорытындысы біздерді қатты алаңдатады – қазақстандықтардың 80%-дан астамының дене белсенділігі өте төмен, ал мұның салауатты өмір салтына қайшы келетіні белгілі. Сұралғандардың 41%-ының дене салмағы нормадан асып кеткен, ал артық салмаққа ие және дене белсенділігі төмен адамдар 2-ші типті қант диабетіне жиі шалдығады», – деді С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің диабет орталығының директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Жанай Ақанов.

Диетологтардың пікірінше, гидратация деңгейі төмен.

«Қазақстандықтардың сұйықтықты пайдалануын бағалау барысында «құрғақтық» үрдісінің белең алып келе жатқаны байқалды. Тұрғындарының дене белсенділігі өте төмен, бұл өз кезегінде артық салмаққа алып келеді, нәтижесінде семіздік түйткілі пайда болады. Тұрғындар бос уақыттың көбін селсоқ өткізеді, олар тек жұмыс уақытында және тұрмыстық мұқтаждықтарды орындауда қозғалуға мәжбүр болады», – дейді Қазақ Тағамтану Академиясының вице-президенті, биология ғылымдарының докторы, профессор Юрий Синявский.

Сондай-ақ ол «Потенциалды қауіпті өмір салтын» өзгерту үшін, құрамына түрлі іс-шаралар енгізілген, барлық жас ерекшелігін және керекті дене белсенділігін ескерген ұлттық бағдарлама құру қажет. Бұл бағдарламаны құруға осы мәселеге қатысы бар және оны өзгертуге ықпал ете алатын барлық ұйымдар қатысуы тиіс. Сарапшылар жағдайды өзгертуге болатынына сенімді, тек ол үшін мемлекет бастап, барлық қоғам мен бизнес қостап, осыған жұмыла атсалысуы қажет екенін атап өтті.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз