Келімбетов долларға қарсы соғыс ашты

0
40

 

Қазақстанда ұлттық экономиканы долларсыздандыру жоспары қабылданды деп хабарлады парламент отырысында Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов.

Келімбетов долларға қарсы соғыс ашты

Келімбетов бұл жоспардың үкімет отырысында мақұлданғанын және жоспарда бірқатар шаралар қамтылғанын айтты.

Олардың арасында тауар, қызмет көрсету бағаларын шет ел валютасымен, оның ішінде доллармен көрсетуге тыйым салу, тұрғындардың ұлттық валютада ашқан депозиттеріне кепілдендірілген депозит көлемін бес миллион теңгеден он миллион теңгеге дейін көбейту, шет ел валютасымен ашылған депозиттерге жылдық сыйақы мөлшерлемесін үш пайызға дейін азайту бар.

«Қандай да бір валютаның қолданылуына тыйым салынбайды. Мұнда әңгіме президент таяуда үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан ұлттық валютаның рөлін арттыру жайлы әңгіме болып отыр», – деді Қайрат Келімбетов.

Оның айтуынша, ұлттық экономиканы долларсыздандыру жоспары бойынша жеке тұлғалар арасында жылжымалы және жылжымайтын мүлік саудасында қолма-қол төлем жасауды түрлі жолдармен реттеу қарастырылған.

Ол бұл өзгерістер заңға сай кезең-кезеңімен жасалады дейді. Ұлттық банк Қазақстан экономикасын долларсыздандыру жоспарын президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша жасаған.

Источник: Азаттық

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз