Маңғыстау облысында мас күйінде көлік жүргізген әкім қызметінен кетті

0
406

 

Маңғыстау облысында мас күйінде көлік жүргізіп, жол ережесін бұзған ауыл әкімі қызметінен шеттетілді деп хабарлайды Lada.kz сайты.

Маңғыстау облысында мас күйінде көлік жүргізген әкім қызметінен кетті
Нұрсұлтан Құрманбаев

Ауыл әкімі Нұрсұлтан Құрманбаев Ақтау қаласында мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталып, көлік жүргізу құқығынан 3 жылға айырылған болатын.

Маңғыстау облыстық тәртіптік кеңесте Нұрсұлтан Құрманбаев мемлекеттік қызметкерлердің ар-намыс кодексін бұзды деп танылды. Сондықтан, қала әкімі Еділ Жаңбыршин Құрманбаевты қызметінен босатып, ауыл әкімдігінен алып тастады.

Құрманбаев мамандығы бойынша мұғалім. Ол Маңғыстау ауданындағы мектептердің бірінде сабақ беріп, аудандық білім бөлімін 6 жыл бойы басқарған.

2013 жылы Нұрсұлтан Құрманбаев Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы болып тағайындалған. Алайда, ол мектептерді заңсыз тексергені үшін қызметінен қуылыпты.

Источник: NUR.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз