«Ақ жол» Демократиялық партиясы кезектен тыс Президент сайлауын өткізуге қатысты мəлімдеме жасады

2
79

  Астана. 26 ақпан. Baq.kz – Бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы Президиумының ел Президентінің мерзімінен бұрын Президенттік сайлау өткізу туралы шешіміне қатысты мəлімдеме жасады.

 «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев:
Мемлекет басшысының 2015 жылы мерзімінен бұрын Президенттік сайлау өткізу туралы Жарлығына қол қойғандығы мəлім. «Ақ жол» партиясы бұл шешімді толық қолдайды. Əлемдік экономикалық тұрақсыздық жағдайларында бізге барлық күш-жігерімізді əлемдік дағдарыстың ел экономикасына жағымсыз əсерін еңсеруге шоғырландырып, жұмылуымыз маңызды. Қалыптасқан жағдайларда Қазақстанға ең алдымен ұлттық мүдделерге бағытталған байыпты саясат жүргізу маңызды. Осы себептер бойынша біздің партиямыз Ұлт көшбасшысының Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы шешімін толық қолдайды, – деді.

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз