Қырғызстанда Арыстанбек Мұхамедиұлын қылмыскермен шатастырды

0
494

 

Қырғызстанның ІІМ Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлынан қылмыс әлемінің серкесі Алманбет Анапияевтің өліміне қатысы бар күдікті тұлғаларды анықтау кезінде оның суретін пайдаланғаны үшін ресми түрде кешірім сұрады.

Қырғызстанда Арыстанбек Мұхамедиұлын қылмыскермен шатастырды
«25 ақпан күні ІІМ Минскте өлтірілген қылмыстық топ басшысының өліміне қатысты куәгерден жауап алу сәті түсірілген бейнежазбаны жариялаған болатын. Жауап алу барысында куәгерге күдікті тұлғалардың бірнеше суреті көрсетілген, олардың арасында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының суреті де бар болып шықты»,-деп хабарлады Қырғысзтан ІІМ.

Интернеттен сурет таңдаған кезде Қазақстанның мәдениет және спорт министрінің суреті тізімде жазылмағанын алға тартқан ІІМ-дегілер қазақстандық министрдің суреті кездейсоқ кетіп қалғанын айтып, сендірді.

Естеріңізге салып өтсек, өткен аптада Минскте Mercedes маркалы автокөліктің жүк салғышынан қылмыстық топтың басшысы Арыстанбек Анапияевтің мәйіті табылған болатын. Оған Қырғызстанда бірнеше ауыр қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған еді.

Бір қызығы, қылмыскерді өлтірген күдіктілердің қатарына Арыстанбек Мұхамедиұлының суреті  де ілініпті.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз