Елімізде зейнетақыны рәсімдеу үшін жеке куәлік жеткілікті болмақ

0
382

 

Енді зейнетақы рәсімдеу үшін қажетті құжаттар халыққа қызмет көрсету орталықтарында да қабылданады.

Елімізде зейнетақыны рәсімдеу үшін жеке куәлік жеткілікті болмақ
Бүгін  сенат депутаттары «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру» туралы Заңға еңгізілген осындай өзгерістерді мақұлдады.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың баяндауынша, енді 36 мемлекеттік қызметтің 16-сы ХҚКО-да көрсетіледі.

Үкіметтің біріңғай ақпараттық жүйесін қолдану арқылы қажетті құжаттар тізімін азайтып, мемлекеттік қызмет көрсету уақытын азайтуға мүмкіндік бар. Мысалы базалық зейнетақы рәсімдеу үшін енді азаматтар жеке куәлігін көрсетсе ғана жеткілікті.

«Бұған дейін бір апта уақыт жұмсасаңыз, енді бұл шаруа жарты сағатта бітеді», – деп сендіреді сала басшысы.

«Көріп отырғандарыңыздай, бір жағынан бұл қызметті алушылардың саны көп, екінші жағынан қарт жастағы азаматтар.Сондықтан бұл кісілердің аталған қызмет түрлерін алуы мүмкіндігінше олардың тұрғылықты жерінде жүзеге асыру үшін халыққа қызмет көрсету орталықтары таңдалып отыр», – деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенов.

Источник: 24.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз