Алматыда қарақшылар ОҚО-ның тұрғынын пышақтап кеткен

0
70

a34de69bd2fefaa4cf3d872171e5db37

 Алматының жол-патрульдік полициясы «кісі өлтіру» дерегінің бетін ашты. Аса ауыр қылмыс түнгі сағат үштерде Наурызбай ауданындағы «Шұғыла» ықшам ауданының жеке секторында жасалған.

Бұл туралы Алматы арнасы «Куәгер» бағдарламасы хабарлайды. Пышақ жарақатын алған ер адамды көрші орналасқан үй тұрғыны байқады.

Мәлім болғандай, сол азаматша бірінші кезекте 102 пультіне және жедел жәрдем қызметіне хабарлаған. Өкінішке қарай, ер адамды аман сақтап қалу мүмкін болмады. Патрульді полицейлер сол маңайда тексеріс жұмыстарын жүргізді.

Адам өлтіру дерегіне қатысты деген күдікпен ұсталған үш адам бірден тәртіп сақшыларының қолдарына түскен. Жедел тергеу тобы кісі өлімінің себептерін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындады.

Бастапқы мәліметтер бойынша, 27 жастағы Оңтүстік Қазақстан тұрғыны кеуде тұсына екі мәрте келтірілген пышақ жарақатынан көз жұмды. Аталған факті бойынша Каменка полиция бөлімінде қылмыстық іс қозғалды.
«Алматы» арнасы

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз