
Қытай халқы 2014 жылдың аяғындағы деректер бойынша 1 млрд 367 млн адамға жетті.Жыл ішінде халық саны 7,1 млн адамға ұлғайған, делінген ҚХР мемлекеттік статистикалық басқармасының жариялаған хабарламасында, деп хабарлады ТАСС.
Ведомство деректері бойынша, өткен жылы елде 16,9 млн бала дүниеге келсе, 9,8 млн өлім-жітім тіркелген. ҚХР-да гендерлік теңгерімсіздік сақталған, ер адамдар әйелдерге қарағанда, 33,8 миллионға көп.
16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер саны ҚХР халқының 17,5 пайызын құрайды. Еңбекке қабілетті жас (16-60) ел тұрғындарының 67 пайызына келеді.
60-тан асқан егде адамдар қытайлық азаматтардың жалпы санының 15,5 пайызын құрайды. Қытай халқының жартысынан көбі (54,8 пайыз) қалаларда тұрса, ауылдық тұрғындар қытайлықтардың 45,2 пайызын құрайды.
Қытай әр жерде қоныстанған халқы көп ел болып қалады. Оның саны 253 млн асып жығылады.
По сообщению сайта Nur.kz