Қарағандыда сәбиді өлтіріп, қоқыс жәшігіне тастаған ата-ана анықталды

0
466
Қарағандыда сәбиді өлтіріп, қоқыс жәшігіне тастаған ата-ана анықталды
Қарағанды полицейлері қоқыс жәшігінен табылған сәбидің анасына іздеу жариялады деп хабарлайды облыстық ІІД.«Нәрестенің анасы анықталды, ол Қарағандыда тұрмайды екен, қазір оған іздеу жарияланды. Баланың әкесінің кім екені де белгілі болып отыр, сәбидің ата-анасына қатысты жедел тергеу шаралары жүргізілуде. Қазір олар басты күдіктілер қатарында», — деп мәлімдеді полициядан.

Естеріңізге салып өтсек, Қарағандыда сауда үйлерінің бірінің маңындағы қоқыс жәшігінен денесінде пышақ жарақаты бар сәбидің мәйіті табылған еді.

Қазір аталмыш факті негізінде «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз