Қызылша дауына қатысты Денсаулық сақтау министрі мәлімдеме жасады

0
30
Қызылша дауына қатысты Денсаулық сақтау министрі мәлімдеме жасады
Оқушыларды шетінен сұлатып жатқан қызылша дауына Денсаулық сақтау министрі енді араласты деп хабарлайды КТК арнасы.Бірақ ата-аналардың күмәнді вакцинаны мүлдем тоқтату жөніндегі шағымына қатысты әзірше ештеңе айта алған жоқ. Екпеге қатысты шешім сараптамадан кейін қабылданады деді Тамара Дүйсенова.Министрдің қолынан келгені — наразылық тудырған үнділік вакцинаны егуді 2-ші наурызға дейін уақытша тоқтатты. Қазір дәрігерлер Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандарымен аймақтарды аралап аурудың неден асқынғанын анықтауда.

Қатерлі екпенің кесірі әсіресе Маңғыстау, Тараз, Атыраулық жүздеген оқушыға тиген. Ал Шымкентте 15 жастағы қыз көз жұмды. Алайда еліміздің бас дәрігері оқушы қыздың қазасын екпемен байланыстырмайды. Қайта Тамара Дүйсенова Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының уәжімен келісіп отыр.

Шетелдік мамандар екпеден соң бас айналу, жасөспірімдердің өзін әлсіз сезінуі қалыпты жағдай деп үнділік препаратқа шаң жуытпаған болатын.

«Үнді вакцинасын 46 мемлекет Канада, Ұлыбритания Франция, Германия бәрі жасап отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеуге алған. Біз тағы бір рет тексеріп көреміз. Соның нәтижесіне қарай шешеміз», — дейді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.

По сообщению сайта Nur.kz

Поделиться

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз