ОҚО-да мұғалім оқушы қызды сүйгізбегені үшін соққыға жыққан

0
56

 

 

 

 

 

 

 

Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданында оқушы қызға қол көтеріп, балағаттаған мұғалім жұмыстан босатылды.

Сабақ барысында оқушылардың бірі жасырынып ұялы телефонына ұстаз бен шәкірт арасындағы кикілжіңді түсіріп алған. «Төлеби» орта мектебінің басшылығы болған жайтты мойындап, мұғалімге қатысты тиісті шара қолдандық дейді.

Сабақ үстінде ұялы телефонға жасырын түсірілген видеода биология пәні мұғалімінің айқайы мен оқушыға қол көтерген сәті анық көрінеді.

«Ол бұрынғы әдетіне салып мені сүймекші болды. Мен сүйгізбей қойдым. «Ағай қызыңыздан кішкентаймын ғой» деп едім, өшір үніңді деп аузымнан бір ұрды. Сөйтіп ағай неге ұрасыз бұлай әкем ұрмаған деп жылаған ем, өшір үніңді деп салып кеп жіберді бетімнен. Сосын тағы да ұрды шапалақпен», — дейді жәбірленуші Гүлнұр Марат.

Бірақ, оқушы мен оқытушы арасындағы кикілжің мұнымен бітпейді. Гүлнұрдың шері тарқағанша, мұғалім оны үйіне жібермей, мектепте күштеп ұстаған көрінеді.

«Оның үстіне жылағаны басылсын деп үйіне жібермей, кабинетке қайтадан сүйреп барып мектепке отырзып қойған», — дейді Гүлнұрдың анасы Раушан Қоялиева.

Бұл жағдайды мектеп әкімшілігі де жасырған жоқ.

«Оқушымен ара қатынасында педагогке жат әрекеттер жасаған. Сол себепті мектеп әкімшілігі жұмыстан босатылды», — дейді мектеп директорының орынбасары Оразғали Кемелов.

Бір қызығы, мұғалімнің жат әрекеті бұған дейін де бір рет әшкере болыпты. Бірақ прокуратура дәлел таппағандықтан, ұстаздар жиналысында талқылаумен ғана шектелген.

Ал Гүлнұр мен анасы қазір өздерінің қауіпсіздігі үшін алаңдап отыр. Өйткені, сотқа шағым түсіргендерін ести салысымен, мұғалім үйіне келіп, қоқан-лоққы көрсеткен екен.

«Екеуміз сол жерде айқайласып қалдық.  Сенің қолыңнан не келеді? Баратын жерге барамын деп менімен ұрсысты да айналып кетіп қалды», — дейді Гүлнұрдың анасы.

Қазір осы оқиғаға байланысты тәртіп сақшылары іс қозғап, тексерулерін жалғастырып жатыр. Ал жәбір көрген оқушының анасы мұғалімнің қатаң жазаланғанын қалайды.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз