Баласына жауапсыз қарайтын аналар басшылардың жағасын ұстатты

0
328
Баласына жауапсыз қарайтын аналар басшылардың жағасын ұстатты
Өткен жылы Павлодар облысында бір жасқа толмаған 6 дені сау нәресте көз жұмды деп хабарлайды pavlodarnews.kz.Бұл туралы өңірдегі денсаулық сақтау басқармасының басшысы облыстық әкімдікте өткен кеңейтілген мәжілісте мәлімдеді.Ведомство басшысының ақпаратына сүйенсек, сәби өлім-жітімінің көрсеткіші облыс бойынша 2,4%-ға төмендеді. Десе де,  дені сау 6 баланың көз жұмуы көңілге қаяу түсіріп отыр.

Денсаулық сақтау басқармасы ана мен баланы қорғау бөлімінің жетекшісі Гүлнәр Жармакинаның айтуынша, 2013 жылы бір жасқа дейінгі нәрестелерді өлтіру оқиғалары орын алмаған.

«Былтыр дені сау балалардың 6 өлім жағдайы тіркелген. Тарқатып айтсақ, 3 баланы ата-аналары өз қолымен өлтірген. Сондай-ақ ата-аналардың кесірінен тағы 3 жағдай орын алды. Яғни, олар балалардың өміріне қауіпсіз жағдайды қамтамасыз етпеген», — дейді Гүлнәр Жармакина.

Бөлім басшысының мәліметінше, былтырғы жылы Павлодар қаласында ана жаңа туған баласын көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен лақтырып жіберген.

«Айуандықпен бала өлтіру оқиғалары Екібастұз қаласы мен Качир ауданында анықталды. Кеншілер шаһарында ішімдікке бой ұрған әкесі екі айлық баласының өмірін қиды. Ал Качир ауданының Федоровка ауылында әке мас күйінде үш айлық баласын өлтірген», — деп түсіндірді маман.

Сонымен қатар балалардың өміріне қауіпсіз жағдайды қамтамасыз етпеген ата-аналардың абайсыздығынан Екібастұз қаласында арбадан құлап қалған сәби көз жұмды. Качир және Шарбақты аудандарында екі бала емізу барысында анасымен басылып кеткен.

Сәбиіне атүсті қарайтын ата-аналардың бұл әрекеті  денсаулық сақтау басқармасы қызметкерлерін шошытып отыр.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз