
Германияның солтүстігінде 30 науқасты өлтіргенін мойындаған санитар өмір бойы бас бостандығынан айырылды.
Ол пациенттерге өлімге апаратын дәрілердің аса көп дозасын беріп келген. Нильс Х. атты 38 жастағы ер адам кісі өлтірді деген айыппен кінәлі деп танылды.
Тергеу мәліметтері бойынша, санитар науқастарға инъекция жасап, сосын олардың өмірін сақтап қалу әрекетін жасаған. Ол осылайша медициналық қабілетін жақсартуға тырысқан.
Өткен аптада ол қызбалықпен осындай әрекетке барғанын сот билігіне айтып, құрбан болғандардың отбасыларынан кешірім сұрапты.
Айта кетейік, науқастар өлген аурухана Дельменхорст қаласында орналасқан. Ал жазаға тартылған медицина қызметкері 2003-2005 жылдары реанимация бөлімінде жұмыс істеген.
По сообщению сайта Nur.kz