Алматы мен Шымкентте айып тұрағындағы көліктер тегін таратылмақ

0
67

 

Еліміздің айып тұрақтары көліктерге лық толы. Әрі олардың басым бөлігі 10 жылдап тұрып қалғандықтан тозығы жетіп, жарамсыз күйге түскен.

Алматы мен Шымкентте айып тұрағындағы көліктер тегін таратылмақ
Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Оның үстіне жүргізушілер құны көліктің бағасынан асып кеткен айыппұлды төлегісі келмейді. Себебі, мұнда көлігіңіз қойылса, айыппұлыңыз күн сайын 900 теңгеге өсе береді. Ал тұрақ қызметкерлері жаңадан келіп түскен көліктерді қоярға жер таппай жатыр.

Айып тұрағы негізінен 155 көлікке ғана шақталған. Ал, мұнда айдап әкелінген темір тұлпар саны 240-тан асып жығылады. Яғни, 90 көлік артық. Әрі күн сайын жаңа көліктермен толығуда.

Керісінше, алып кетушілер болса, бірен-саран. Мәселен, «Мазда» көлігі  айып тұрағында 8 жылдан бері тұр. Иесі мұнда көлігінің барын тіпті ұмытқандай. Қазір қаладағы айып тұрақтарының бәрінде осындай жағдай. Көліктері он жылдап тұрса да, айыппұлын төлеп темір тұлпарын алуға ешкім асықпайды.

«Күніне 3-10 машинаға дейін қабылдаймыз. Ал  мейрам болып, ауа райы бұзылып, көк-тайғақ болғанда одан көп машина келеді. Орын табылмай қалады. Сол кезде қиындықтар туындайды», – дейді  Алматыдағы №6 айып тұрағының қызметкері Бақыт Әбдіжаппаров.

Күніне 3-10 машинаға дейін қабылдаймыз. Ал  мейрам болып, ауа райы бұзылып, көк-тайғақ болғанда одан көп машина келеді. Орын табылмай қалады.

Әрі жүргізушілер құны көліктің бағасынан асып кеткен айыппұлды төлегісі келмейді екен. Себебі, мұнда көлігіңіз қойылса айыппұлыңыз күн сайын 900 теңгеге өсе береді. Сондықтан құр шығынданғанша, көліктің осында қалғаны дұрыс дейді көбі. Ал ұзақ уақыт тұрып, қаңқасы қалған күнде де оларды иесінің рұқсатынсыз ешкім де бұл жерден әкете алмайды.

«Утилизация ешқандай заңда қарастырылмаған. Меніңше, 3 жылдық мерзім қойылуы керек. Сол үш жылда алынбаған автокөліктерді әкімшіліктің шешуі бойынша өз еркімізбен утилизация жасасақ деп ойлаймын», – дейді Алматы айып тұрақтарының басшысы Ерлан Әлімжанов.

Ал Шымкенттегі айып тұрағының қызметкерлері көлікті иелерінің тегін алып кетуін сұрап отыр. Себебі, мұнда да тұрақтар лық толы. Әрі шіріп, тозығы жеткен машинадан аяқ алып жүру мүмкін емес.

«Осында жиналған автокөліктердің саны 160-тан асып кетті. Олар өз құнынан асып кетіп отыр. Сондықтан біз құзырлы орындарға хат жаздық. Осы автокөліктерді тегін таратып берулерін сұрап жатырмыз», – дейді  Шымкент қалалық айып тұрағының басшысы Бекжан Жылкелдиев.

Сондықтан айып тұрағының қызметкерлері көліктің тұрақта тұру мерзімін бекіту керек деп отыр. Ал, белгіленген уақыттан ұзақ тұрған көлік автоматты түрде жойылғаны жөн. Бұл айып тұрағында қордаланған мәселені шешуге сеп болар еді дейді олар.

Источник: КТК арнасы

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз