ҚР Президенті сайлауы: Үміткерлер 93 мың қол жинауы керек

23
118

ОСК президенттіктен үміткерлер жинауы тиіс рас қолдардың саны 93 мың 12-ден кем болмауы тиіс деп бекітті. «Қолды үміткерлердің сенімді өкілдері жинайды. Қол жинау жөніндегі топтардың саны мен құрамына шектеу қойылмайды», – деді ОСК хатшысы Бақыт Мелдешов.

Бұған қоса, Орталық сайлау комиссиясы бүгін президенттікке үміткерлердің мемлекеттік тілді еркін меңгеру деңгейін анықтайтын лингвистикалық комиссия құру жөнінде шешім қабылдады. Сонымен бірге, қол қою қағаздарын беру және үміткерлерге арналған қолдың растығын тексеру мерзімін қысқарту туралы шешім қабылданды. ОСК қол қою қағаздарын үміткердің ҚР «Сайлау туралы» Конституциялық заңында белгіленген талаптарға сай келетіні тексерілгеннен кейін екі күнтізбелік күн ішінде беріледі.

26 ақпанда халықаралық байқаушыларды аккредиттеу басталды, ол 20 сәуірде аяқталады. ОСК өкілдері халықаралық байқаушыларға арналған сауалнама мәтіні бекітілгенін хабарлады. Бүгін ОСК-да БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз орталығы ашылды.

Айта кетейік, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы президенттікке үміткерлерді ұсыну уақытының осы жылдың 26 ақпанында басталғанын және 15 наурызда аяқталатынын мәлімдеген еді. Кандидаттарды ұсынуға белгіленген тәртіппен тіркелген республикалық қоғамдық бірлестіктер құқылы, сондай-ақ азаматтардың өзін-өзі ұсынуына да болады. Үміткерлердің үгіт-насихат науқаны осы жылдың 26 наурызынан 24 сәуір күнгі сағат 00.00-ге дейін созылады.

Еске сала кетейік, 25 ақпан күні Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын 2015 жылдың 26 сәуірінде өткізу туралы жарлыққа қол қойған еді. Мемлекет басшысы бұл сайлауға өзінің қатысуы туралы шешімді сәл кейінірек қабылдайтынын мәлімдеді.

23 ПІКІРЛЕР

  1. Нағыз көшбасшыға 93 мың қол жинау еш қиын емес. Мемлекет басшысының бұл сайлауғңа қатысуы орынды болады деп ойлаймын.

  2. Сейчас напряженная обстановка в мире, говорят что с этим кризисом будет еще хуже. хочу чтобы президент также правил все эти кризисные периоды. он знает как вывести страну из кризиса, и в мире с ним считаются. так что полностью поддерживаю его

  3. Единство и взаимопонимание, выдержка и благоразумие — качества, необходимые прежде всего нам, казахам, поэтому мы все поддерживаем наш Елбасы.

  4. Кезектен тыс президенттик сайлауды баримиз де колдаймыз, ертенги жагдайымыз жаксы болсын десек жумылып енбек жасауымыз кажет, сайлау кай уакытта отсе де тек ел болып Казакстаннын болашагын тапсырган адамымыз умитимизди актап, тек халкы ушин енбек етип жатса кателеспегенимиз.

  5. президентские выборы имеют позитивное влияние для самочувствия общества, а то в последнее время в экономике были некоторые изменения, тем более президент объявил, что власти уверенно держат ситуацию под контролем, и хотя понятно, есть определенные проблемы, в целом, проведение выборной кампании способно повысить градус социального самочувствия.

  6. Осы болатын кризистен бізді Елбасымыз шығаратыына сенімдімім,халық сенеді.

  7. Президентпен халық арасында сенім болғанда ғана нұрлы болашақ жаралады, сондықтан үміткерлер алдымен елдің сеніміне ие болып, осындай қол жинауы керек.

  8. Келелі істерге кеңесіп шешім жасаңыздар ағайындар, болашақ осы елдікі, болашағымызды кім жаратып бере алады деген сұрақ бар, сондықтан әрбір дауыс үшін ойланайық.

  9. Халықта өзі жақсы біледі кімге дауыс берерін, сондықтан халықтың шешімі дұрыс болмақ.

  10. Қиын күндерде елді аман алып шығып, жақсылыққа бастап, елмен бірге болған Елбасымыздың еңбегі ел есінен мәңгі кетпейді.

  11. Сайлау туралы, маңызы туралы қазір жақсы білеміз, әркім әлде қашан дауысын кімге берерін жүрегімен шешіп қойған, сондықтан уағында көреміз.

  12. Елбасымыздың өзі атап айтқан, қазір халықтың саяси сауаты жақсы деп, сондықтан әлемдік саясаттан хабары бар халық, кімді сайларын жақсы біліп отыр.

  13. Менің де Алла қаласа алғашқы дауысым, міне азамат болып, ел ісіне араласып, еліміздің болашағын таңдауға үлесімді қоспақпын, көзімді ашқаннан білерім, халықтың жақыны болған бір ғана адам, сондықтан дауысымды беремін.

  14. Бұл менің өмірімнің бір қуанышты сәті болып тұр, амандық болса дауысымды шешіп қойдым, алғаш дауысымды беремін жақында.

  15. Нағыз сын сағаттар осы кездер, үйткені елдің алдында үлкен бұрлыс тұр, сайлау ойдағыдай болса нұрлы болашаққа жақындаймыз, сондықтан бірлікте болайық ағайын.

  16. Бұл маңызды іс, сайлау өткізуіміздің өзі ел тағдырына үлкен өзгеріс әкеледі, сондықтан ағайындар қол қойып, дауыс берерді ойланайық.

  17. Мен үміткерлердің 93мың қол жинай алатынына сенім білдіре алмаймын. Себебі өткен сауалнама нәтижесі халықтың 98 пайызы Назарбаевты қолдайтынын дәлелдеп берді емес пе?

  18. Сайлауда кімнің жеңетіні емес, халықтың кімге сенім артатыны маңызды болып отыр. Бұл сайлау көп іске нүкте қоятын болады.

  19. Елінің болашағын жақсы бағдарлайтын адам үшін бұл сан түк емес. Үміткерлер санатындағы Амантай қажы мен Мэлс Елеусізовке бұл қиындық әкелетін сыңайлы.

  20. Елбасы еш қиналмастан жинайды, өйткені оны қолдайтындар көп. Сондықтан бұл сайлауда жеңетін адам ол Елбасы меніңше.

  21. Иә, президенттікке үміткерлерге қойылатын талаптар да жақсы екен. Екінің бірінің қолынан келе қоймас президент болу! Халықтың сенімінен шығу – ең қиын нәрсе ғой. Біреуге жақсаң, енді біреуге жақпайсың.

  22. Қазақстан халқы биыл президенттік сайлау өтер болса, онда Елбасын қолдау, еліміздің алдағы тағдырына жауапты тұлға ретінде тағы бір мәрте сенім артатындығы анық. Өйткені, халық Мемлекет басшысының жанқиярлық еңбегін жоғары бағалайды. 

  23. Сейчас самое главное – действовать на опережение, не дать кризису пустить ростки и разрастись. Не зря программа «Нурлы жол» была принята еще в прошлом году. Президент уже тогда понимал, какие проблемы ожидают мировую экономику.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз