Қазақстан мен Ресей: Кім қанша жалақы алады?

0
118

          

    Естеріңізде болса,  апта басында ҚР Парламент депутаттарының жалақыларын қысқарту туралы даулы мәселеге мәжілісте отырған халық қалаулылары өре-түрегеліп қарсы шыққан еді.  Енді еліміздегі  ірі холдинг «Самрұқ-Қазынаның» басшысы Өмірзақ Шүкеевте өз қарамағындағы қызметкерлердің жалақысының аздығын айтып жыларман болды.

«Біз шет елдік мемлекеттік холдингтердің бюджеттік шығындарын есептеп көрдік. Салыстырмалы түрде «Самрұқ-Қазына» ұлттық холдингінің қызметкерлері өздерінің шетелдік әріптестеріне қарағанда бірнеше есе төмен жалақы алады.  Соған қарамастан, 2012 жылдан бері қарай біз қысқартулар жасап келеміз. Күні бүгінге дейін холдингтің 2 мыңға жуық қызметкерлері қысқартуға ілінген. Сапаны арттыру үшін жұмысшыларға төленетін жалақы да  соған сай болуы тиіс. Осы ретте біздің қызметкерлердің айлығы шайлығына жетпей жатады. Мысалы, көрші Ресейдің өзінде бұл көрсеткіш айтарлықтай жоғары. Біздің қызметкерлер компанияғы түсім әкелген жағдайда ғана жоғары жалақы ала алады. Жалқаулық танытып, бос жүргендерге жалақы төлемейміз «, – дейді Ө. Шүкеев.

600 мың теңгені місе тұтпай  жүрген қалаулылар мен ірі-ірі  холдинг басшыларынан басқа тағы кімдердің жалақылары төмен?  Qamshy.kz  порталы Қазақстан мен Ресейдегі әлеуметтік қызметкерлердің орташа айлық көрсеткішін  салыстыра отырып, сараптама жасаған еді.

  1. ҚР білім беру саласының қазметкерлеріне минималды сомада 50 мың теңге, максималды соммада 154577 теңге жалақы төленеді. Бұл көрсеткіш көршілес Ресейде сәл өзгешелеу. Ол жақта мұғалімдердің орташа жалақысы-20000-39000 рубль арасында. Теңгеге шаққанда 100000-195000-ды құрайды.

 

  1. ҚР инжинер-құрылысшылары орташа айлық есеп көрсеткіші 55 мыңнан 120 мыңға жуықтау келеді. Ал ресейлік инжинерлердің айлық жалақысы 25-60 мың рубль болса, теңгеге шаққанда орташа жалақы-300 мыңды құрайды.

 

  1. ҚР Денсаулық сақтау саласы қазметкерлері айлық есеп көрсеткіші бойынша 117 мыңнан 179 мыңға жуықты бағамдайды. Бұл көрсеткіш Белорусиялық дәрігерлермен салыстырғанда екі есе жоғары. Ал мәскеулік дәрігерлердің орташа айлық жалақысы-39833-104000 рубль. Теңгеге шаққанда-199165-520000 тг.

 

  1. ҚР зейнеткерлері минималды көрсеткіште 20782 теңге, максималды базамен 54171 теңге көлемінде зейнетақы алады. Ресейлік осы көрсеткіш айына-10889 рубль. Бұл сомма Қазақстан вальютасымен -54445 тг болады.

 

  1. ҚР Өрт сөндірушілер айына 60 мың теңгеден 120 мың теңгеге дейін жалақы алады екен. Ресейлік өрт сөндіру қызметкерлері айына 34500 рубльден 77500 рубльге дейін өскен.

Сондай-ақ, ауылшаруашылық, орман және балық шаруашылығы саласындағы қызметкерлердің орташа жалақылары 96 мың теңге болса, тракторист-машинисттердің жалақылары одан сәл төмендеу 79-90 мың аралығында. Экономистер-157 мың, бухгалтерлер- 113 мың теңгені қанағат тұтады. Республика көлемінде орташа жалақының ең жоғарғы көрсеткіші Астана және Алматы қалаларында тіркелген. Бұл қалаларда орташа жалақы көлемі 484 мың мен 542 мың теңгені құрайды. Ал ауылдық жерлердегі мұғалімдердің орташа жалақысы – 82 мың теңге болса, жеке меншік ақылы мектептердегі оқытушылардың айлық жалақысы 74 мың теңгені құраған. Ал балабақшалардағы тәрбиешілер 55 мың теңгеге жұмыс істейді.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы өз сөзінде Қазақстандағы ең төмен жалақы 50 мың теңгеден кем болмауы тиіс деп баса айтқан болатын.

Бұл әлеуметтік қызмет түрлерін көрсететін қызметшілердің орташа айлық жалақы көрсеткіші болатын. Ал ірі бизнес орталықтарында сандар мүлдем басқаша сөйлейді. Кейбір дерек көздеріне сүйенсек,  Алматыдағы бір ірі компанияның директоры лауазымын иемденгендер айына 1,8 миллион теңге алатын көрінеді.

Тұран Мұрал

«Қамшы» сілтейді

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз