
Еліміздің Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері қазақстан армиясы тарихындағы ең ірі әскери парадқа дайындық үстінде деп хабарлайды NUR.KZ.Қазақстандық әскери қызметшілер Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығына арналған әскери парадқа даярлыққа кірісіп кетті. Әскери парадтар елімізде 2005, 2009, 2011 және 2014 жылдары өткізілген болатын.Былтырғы жылы салтанатты парадқа барлық әскер түрлері мен тектерінің, жоғарғы әскери оқу орындарының 2 600-ге жуық әскери қызметшілері, жалпы саны 217 бірлік әскери техника мен 73 бірлік авиациялық техника қатысты.
Алдағы парад мемлекетімізде бұрынғы өткен әскери парадтардың ең ірісі болатыны жөнінде айтылуда. Бүгінгі күннің өзінде екі есе көп жеке құраммен жұмыс істеу және Қарулы Күштерінің заманауи тұрғыдағы әскери техникаларымен қатар, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қару-жарақты көрермен назарына ұсыну жоспарланып отыр.
По сообщению сайта Nur.kz