Талас ауданы Қаратау қаласында ұшырылым уақытында Eurocopter ЕС 130 тікұшағы құлады, деп хабарлады Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметінен.«27 ақпанда сағат 12.20-да Жамбыл облысы ТЖД жедел кезекші пультіне «Қазаэронавигация» РМК Бриффинг-Тараз тобының диспетчерінен хабарлама келіп түсті, онда Жамбыл облысында 27 ақпанда сағат 12.05-те «TalasInvestmentCompany» ЖШС-ның цианид натрий өндіретін зауыт аумағындағы тікұшақ алаңында ұшырылым кезінде Eurocopter ЕС 130 тікұшағы құлағаны хабарланды. Экипаж командирі тікұшақты жалғыз өзі басқарған, жолаушылар болмаған, зардап шеккендер жоқ», — делінген ТЖД хабарламасында.
Борт нөмірі ЕЦ-010, бір моторлы жеңіл Eurocopter ЕС 130 тікұшағы «Кама» операторы (ОҚО) «СауТС Ойл» ЖШС-ға тиесілі.
Алдын ала деректер бойынша, апат себебі тікұшақтың басқару жабдығы істен шыққан.
Бұл — Жамбыл облысында жыл басынан бастап орын алған екінші оқиға.
Еске салсақ, 20 қаңтарда «Шатыркөл» кен орнында АН-2 ұшағы апатқа ұшырап, үш экипаж мүшесі, үш жолаушы қаза тапқан.
По сообщению сайта Nur.kz