Қазақстандық мемқызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің кірістері туралы ақпарат көпшілікке қолжетімді болады

0
393
Қазақстандық мемқызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің кірістері туралы ақпарат көпшілікке қолжетімді болады
«Ақпаратқа қол жетімділік туралы» заң жобасына сай, саяси және әкімшілік мемқызметкерлердің және олардың отбасыларының кірісі туралы мәліметтер Қазақстанда көпшілікке қолжетімді болады.«11) саяси және әкімшілік мемқызметкерлердің және олардың отбасыларының кірісі туралы декларациялық мәліметтері бар ақпараттарға (заң жобасының 7-ші бабының 2 тармағы) – қол жетімділікті шектеуге жатпайды», — делінген «Ақпаратқа қол жетімділік құқығын кеңейту, қоғамдық бақылау формалары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл келешегі: заңнамалық бастамаларды талқылау» тақырыбындағы дөңгелек үстелде таратылған материалдарда.

Сондай-ақ төтенше жағдайлар туралы, террактілер, қоршаған ортаның ластануы, Ұлттық банктің алтынвалюталық активтерінің мөлшері, Ұлттық қор активтері және үкіметтің қымбат металлдары мен тастарының резервтері туралы ақпарат шектеуге жатпайды.

Бұл ретте конституциялық құрылымды сақтау мақсатындағы, қоғамдық тәртіпті сақтау, адамдардың еркіндігі мен құқықтарын сақтауға қатысты ақпараттарға ғана қол жетімділік шектеулі болуы мүмкін.

Бұрындары, 2015 жылдан бастап мемқызметкерлер, ұлттық компания, мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері, активтері мен міндеттері туралы декларация тапсырады деп хабарланған.

2016 жылдан бастап олар жыл сайын кірістері туралы декларация тапсырып отырады. 2017 жылдан бастап бүкіл қазақстандықтар мен Қазақстан да мекен етуге рұқсаты бар тұлғалардың барлығы тапсырулары тиісті.

По сообщению сайта Nur.kz

Поделиться

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз